Астанадағы "Нұрсұлтан Назарбаев" әуежайының қызмет көрсету бағасы тағы қымбаттамақ.

Астана әуежайы басшылығын хабарлауынша, 2019 жылдан бастап "Нұрсұлтан Назарбаевтың" қызмет көрсету бағасы бірншеше есеге қымбаттайды. Халықаралық әуе транспорты ассоциациясының болжамы бойынша, келесі жылдың қаңтарынан басталатын қымбаттаулар кейбір қызмет түрлерінде 314% дейін өспек.

Қазірдің өзінде "Нұрсұлтан Назарбаев" бағасы өзге әуежайлармен салыстырғанда әлде қайда жоғары. Мысалға, Астана әуежайында 1 тонна жүк тасымалына 14 506 теңге алынса, Алматы мен Қарағанды әуежайлары жүк тасымалының тоннасына 5 250 және 5 973 теңге алады. Ал Стамбұл мен Бангкок әуежайларында бұл көрсеткіш 14 537 және 9 999 теңгеге тең. Яғни, қазірдің өзінде Астана әуежайының қызметі Стамбұл әуежайымен бірдей.

Жалпы, Астана әуежайы президент "Нұрсұлтан Назарбаевтың" аты берілген күннен бастап даудан арылмай келеді. Естеріңізде болса, осыдан біраз уақыт бұрын әуежай авто тұрағына көліктерін бір күнге тастап кеткен бір топ адам бір тәулікке 100 мың теңгеден артық ақша төлегенліктерін айтып, наразылықтарын білдірген. Бірақ ол кезде де әуежай аумағындағы қымбатшылық «жабулы қазан» күйінде қалған.

"The Qazaq Times"