Ертең, ақпанның 12-сі күні «Тұмар» атты бірінші Ұлттық телевизиялық бейгесіне қатысуға өтініштерді қабылдау науқаны басталады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Шараның басты мақсаты – ең сапалы әрі өзекті телевизиялық өнімді анықтау, телеөндірістегі талантты кәсіби мамандарды қолдау, отандық телевизиялық өндірістің имиджін қалыптастыру және Қазақстандық сапалы телевидениені дамыту. Бәйгеге өткен жылы эфирге шыққан телевизиялық жобалар қатысады. Осыған байланысты ұлттық және аймақтық телекомпаниялар, студиялар, продюсерлік орталықтар және басқа де медиа өндіріс ұйымдары үміткер ретінде қатысу үшін ақпанның 24-іне дейін өз өтініштерін жолдауы тиіс.
«Тұмар» бәйгесі төмендегі аталымдар бойынша іріктелген үміткерлер арасында сарапқа салынады:
- Үздік деректі кино;
- Үздік әлеуметтік жоба;
- Үздік ақпараттық бағдарлама;
- Үздік ақпараттық-сараптамалыұ бағдарлама;
- Үздік музыкалық бағдарлама;
- Үздік ток-шоу;
- Үздік телевизиялық сериал;
- Үздік әзіл-сықақ бағдарламасы;
- Телевизиялық маусымның Үздік жобасы;
- Телевизияның дамуына ұлес қосқаны үшін;
- Үздік аймақтық ақпараттық бағдарлама;
- Үздік аймақтық әлеуметтік бағдарлама.
Бәйгені ұйымдастырушы – «Қазмедиа орталығы». Шара Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникацялар министрлігінің қолдауымен өткелі отыр. Қазылар алқасы жолданған материалдарды сараптап, қарап шығып, жасырын дауыс беру арқылы лауреаттарды анықтайды. Қазылар алқасы қазақстандық телевизияның ең кәсіби мамандарынан жасақталады.
Қосымша ақпарат ресми сайтта: www.tumar.kz ; байланыс нөмірі +7 (7172) 55-36-36; электрондық мекен-жай info@tumar.kz
«The Qazaq Times»