Ұлттық Банк алтын қордағы тазартылған алтының 4 пайызын сатпақ.
Ұлттық Банк баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері Ұлттық Банк отандық өндірушілерден шамамен 33 тонна тазартылған алтын сатып алған. Қазіргі уақытта Қазақстан алтын қоры жағынан әлем бойынша 15 орында. 2018 жылдың 10 қыркүйегіне дейінгі статистикалық мәлімет бойынша, алтын қор көлемі 333 тоннаны (12,8 миллиард доллары) құраған.
АҚШ долларының әлемдік нарықта күшейуіне байланысты халықаралық биржаларда жыл басынан бері алтын бағасы 8 пайызға арзандаған. 2009 жылдан бері әлем бойынша алтын сатып алуда Қазақстан, Ресей, Қытай және Түркия орталық банктері алдыңғы орында болған.
Айта кететін бір жайт, соңғы уақыттары АҚШ санциялары алтын сатып алудан алдына жан салмаған Ресей, Қытай және Түркияны экономикалық тығырыққа тіреуде. Үш мемлекеттің үшеуінде де ұлттық валюталары бұрын соңды болмаған деңгейге дейін құнсыздануда. Экономист мамандардың сөзінше, Түркия, Ресей және Қытайға салынған АҚШ санкциялары Қазақстанды да айналып өткен жоқ. Себебі санкцияға іліккен үш мемлекеттің үшеуі де Қазақстанның ірі стратегиялық маңызға ие сауда-экономикалық серіктесі.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап