Түркия армиясы Сүрия шекарасына келіп тоқтады – деп хабарлайды Bloomberg басылымы.
Басылым мәліметінше, ресми Анкара Башар Асад армиясының Идлибтегі оппозициялық топтарға қарсы әскери операциясының бастауына байланысты Сүрия шекарасына қосымша әскери қосындар аттандарған. Атап айтқанда Түркия армиясы Сүрия шекарасына өзінің танк девизиялары мен арнайы жасақ сарбаздарын аттандырған. Сарапшылар пікірінше, Түркия Идлибтегі әскери операциядан кейін өз аумағына мыңдаған босқын келеді деп алаңдайды және босқындар толқынын тоқтату үшін Сүрия шекарасындағы армиясының әл-ауқатын күшейтуде.
Бұған дейін Біріккен Ұлттар Ұйымы «егер Башар Асад армиясы Идлибте әскери операция жүргізетін болса, Түркия мен Еуропаға 700 мыңға жуық босқын қоныс аударуы мүмкін» деген болжам айтқан. Қазіргі таңда Сүрия оппозициялық топтарының соңғы тұрағы болып саналатын Идлиб аумағында 4 миллионға жуық адам тұрады.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды