Ирак президенті Фуад Масум Ирактың Иранға қарсы Америка Құрама Штаттары тарапынан енгізілген санкцияны сақтамайтындығн мәлімдеді. Бұл туралы «abhaber.com» хабарлайды.
Оның айтуынша, Иран мен Ирак арасындағы тығыз қарым-қатынас санкция режимін қолдауды мүмкін емес етуде. Масумның пікірінше, Ирактың премьер-министрі Хайдер аль-Абади Уашингтонға қолдау көрсету туралы мәлімдемесі арқылы асығыстық жасаған. Еске салайық, үстіміздегі жылдың мамыр айында АҚШ 2015 жылы жасалған ядролық келісімшартты бұзып, Иранға қарсы санкция салған болатын. Осыған орай мәлімдеме жасаған Ирак премьер-министрі Хайдер аль-Абади Американың осы шешімін қолдайтындарын айтып, осы мәлімдемесі ел ішінде де, өзге елдер тарапынан да үлкен теріс пікір қалыптастырған еді.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап