Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бобиржан Моминов АҚШ-та өткен дебюттық жекпе-жегінде қарсыласын нокаутпен жеңді.
Қазақстанның жартылай орташа салмақ дәрежесі бойынша 26 жастағы боксшысының америкалық 37 жастағы Брайан Тиммонспен өткізген 8 ранудтық кездесуі бірінші раундта аяқталды. Уақытынан бұрын жеңіске жету үшін Моминовқа екі минут жеткілікті болды.
Бұған дейін Моминов төрт раундтық екі және алты раундтық бес жекпе-жек өткізген. Оның келесі жекпе-жегі Қазақстанда өтеді. Қарсыласы әзірге белгісіз.
Моминов Альварес пен Головкиннің бірінші жекпе-жегі алдында мексикалық "Канелоның" жаттықтыру лагеріне қатысқаннан кейін таныла бастады. Головкин мен Альварестің рематчы 15 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді, осыдан бір жыл бұрын олар өзара мықтыны анықтай алмаған еді.


















Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады
Назарбаев "құрметті сенатор" атағынан айырылды
Моңғолия астанасында жаппай наразылық шерулері өтті
Екібастұзда жылу желісіндегі ақауға "станция қызметкерінің қателігі" себеп болғаны айтылды
Өзбекстан президенті желтоқсанда Қырғызстанға барады