Жаңадан салынған жолдардың барлығы ақылы болады. Бұл туралы ҚР ИДМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков мәлімдеді.
Елімізде осы жылы пайдалануға берілетін ақылы жолдар «Астана – Теміртау», «Алматы – Қапшағай» және «Алматы – Хоргос» болып үш учаскелік бағытқа бөлінген. Аталған жолдардың жалпы ұзындығы 471 шақырымды құрайды және олардың барлығы осы жылдың соңына дейін іске қосылады деп күтілуде.
Бұдан бөлек биыл «Астана – Павлодар» учаскесі бойынша жөндеу жұмыстары уақытша тоқтатылған. Мердігер компаниялардың айтуынша, аталмыш тас жолда жыл соңына дейін қозғалыс ашылады.
«Өздеріңізге белгілі орталық бағытпен қосатын Астана, Арқалық, Қандыағаш, Ырғыз арқылы өтетін үлкен жоба бар. Қазір жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр. Жоба аясындағы жұмыстар 2020-2021 жылдары басталады деп жоспарланып отыр. Айта кету керек, біздің жоспарымыз бойынша, жаңадан салынған жолдардың барлығы ақылы болады», — деді Беков.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды