Астана нөсер жауынға дайын емес, осындай табиғи құбылыстардан халықтың зардап шегуі елорданың абыройына нұқсан келтіреді, деп мәлімдеді сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter парақшасында Астананың табиғи құбылыстарға дайын емес екенін айтып, нөсер жауыннан кейін көшелерді су алып кеткеніне наразылығын білдірді. "Астана нөсер жаңбыр және басқа табиғи құбылыстарға дайын емес. Елорда тұрғындары зардап шегіп, Астананың халықаралық беделіне нұқсан келуде", — деп жазды.
Оның айтуынша, "бұл мәселені елорданың 20 жылдығына жеткізбей шешуге болатын еді".
Естеріңізге салайық, биыл Астана қаласының 20 жылдығына бюджеттен 19 миллиард доллар қаржы бөлінген. Аталмыш қаржыға Мәдениет және спорт министрлігі бастаған "шенеуніктер армиясы" шетелден әртістер шақырып, ұлан асыр той жасаған. Бірақ сол уақытта жаңбыр жауған сайын Астана "аққу ұшып, қаз қонған Венецияға айналатыны" парламент спикерінің де, басқаның да "үш ұйықтаса түсіне кірмеген".


















ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?