Қазақстанда сақтандыру шарттары 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап онлайн режимде жасалатын болады. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап сақтандыру ұйымдарының тұтынушылары сақтандыру шарттарын интернет-ресурстарды пайдалана отырып, электрондық нысанда жасап, сақтандыру полисін электрондық нысанда рәсімдей алады. Шарттың электрондық нұсқасы сақтандырудың барлық түрлері бойынша енгізіледі.
Онлайн-сақтандыру енгізілгеннен бастап міндетті сақтандыру шарттары бойынша қағаздағы полистердің айналысы жойылады. Сақтандыру шартын жасау фактісі сақтандыру бойынша бірыңғай дерекқорға сұрату жіберу арқылы тексеріледі. Мысалы, автокөлік иелерінің әкімшілік полицияның қызметкерлеріне сақтандыру полисін ұсынуы қажет емес.
Онлайн-сақтандыруды енгізу халық пен бизнес үшін сақтандырудың құнын арзандатуға, шарттарды офиске бармай-ақ немесе делдалдардың қатысуынсыз сақтандыру компанияларының интернет-ресурстары арқылы тікелей жасау мүмкіндігін береді, сондай-ақ сақтандыру төлемдерін алуды жеделдетеді.
Айта кетейік, сақтандыру компаниялары көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын электрондық нысанда жасау кезінде 10%-ға дейін жеңілдік беруге құқылы.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді