Оңтүстік Африкада өткен BRICS мәжілісінің ортақ декларациясы Батыс әлемінде қожырай түскен еркін сауда қатынасын әлемдік деңгейде қайта қалпына келтіруге бағытталып жасалды. Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және Оңтүстік Африка саммиті әлемдік еркін сауда қатынасын қорғау мен аймақтардағы қақтығыстарды реттеуді тақырып еткен болатын.
10-шы рет өтіп отырған BRICS саммитінің қорытынды декларациясында: «Дүниежүзілік сауда ұйымының ережелері аясында әлемдік еркін сауда қатынасын қорғаймыз және дамытамыз» делінген. Декларацияда әлем экономикасы тек қана ашық, еркін сауда қатынасында ғана дамитынын бас айтқан.
Соңғы жылдары, Еуропа мен Америкадағы кейбір саяси өзгерістер айталық, Ұлыбританияның ЕО-дан бас тартуы, Трамптың АҚШ президенті болып сайлануы дамушы елдерді жандандырған еркін сауда қатынасын қайта қарауға итермеледі. Әсіресе, Құрама Штаттың көпжақты келісімдердің бірқатарынан бас тартып, екі немесе үш жақты келісімдер арқылы сауда саясатын ұстануы еркін сауда қатынасына кері ықпалдар ете бастады. Дамушы елдердің көш басында тұрған аталған бес мемлекет қазір Батыста қожырап қалған еркін сауда қатынасын қорғауды түбірлі мүдделері ретінде қарастырып отыр.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді