Қытай мен Ресей КСРО-ның кебін киеді. Мәселен, Қытай мен Ресейдің экономикалық даму қарқыны баяулап келеді. Егерде 1979 жылдан бастап Қытайдың жылма жыл экономикалық өсу қарқыны 10% асса. 2018 жылдан бастап 6%ке дейін төмендеді. Қалай болса да осы жылдары Қытай өте биік көрсеткіштер мен нәтижелерге жетті. Бүгінгі күнде Қытай әлемдегі ең экономикасы қуатты екі мемлекеттердің бірі. Бірақ Қытайдың жедел дамуы коммунистік құқықтық-саяси жүйеде жүрді. Сондықтан Қытайдың коммунистік құқықтық-саяси жүйесі оның даму барысын тежей бастады. Егерде 1980-90 жылдардағы даму көрсеткіштер қарқыны рас болса, ал 2014 жылдардан бастап экономикалық қарқындау үрдісі күмән туғызады, себебі “қосып жазу- приписки” көп тарайтын болды. Яғни губерниялар мен жергілікті билік өкілдері даму көрсеткіштерін “қосып жазу- приписки” жасайтын болды, себебі лауазымды қызметкерлер Бейжіңдегі басшыларға есеп беру керек еді. Сондықтан қызмет құзырынан айырылмас үшін азды көпті жалған ақпарат беретін айла шарғы көп тарады. Егерде Шығыс провинцияларда тұрмыс 1980-90 жылдарда еселеп жақсарса және 2018 жылға таман олар жақсы тұрмыстық стандартқа жетті, ал Батыс өлкелерде де ойдағыдай биік көлемде тәуірлесе де, мысалы Шынжаң-Ұйғыр (Синцзян )– өлкесі салыстырмалы түрде қарқындау төменірек болды, сондықтан бұл өлкедегі хань ұлты өкілдерінің біразы ата мекендеріне көше берді, ал Үкімет Ішкі Қытайдан қомақты қаржымен ханьдарды Шынжаңға тасумен әлек. Болашақта бұл миграциялық проектен Бейжің бас тартуға мәжбүр болады, себебі Мемлекеттік бюджетке тым қымбат түсетін болады. Қытай ханьдарының білетіні Шығыс Қытайдағы тұрмыс төрт еседей артық, ал Батыс өлкелерде тұрмыс анағұрлым төмен. Бұндай жағдай КСРО-да да болды. Бейжіңдегі компартия басшылығы Шынжаңда ұйғырдың ұлесін 28 % (Қазақстандағы қазақтың кезіндегі үлесі) жеткізе алмайды. 1970 жылдан бастап Мәскеудің отарлау саясаты тым пәрменсіздігін көрсетті: көшіріп әкелгендерден көшіп кеткендердің саны артық болды. Қазақстан мен Орта Азиядағы деколонизация үрдісі 1970 жылдан басталып бүгінгі күнге дейін жүріп келеді. Қазақстан бүгін oрыс жұртшылығы 18%, яғни 3. 3 миллион көлемінде.
Ресейдің экономикалық даму қарқыны баяулап келеді. Соңғы он жылда Ресейде экономикалық стагнация. Экономикалық стагнация мұнай бағасының өсуіне қарамастан орын алды, ал соңғы төрт жылда- 2014 жылдан бастап тұрмыс деңгейі төмендеп келеді. Ресей қатарынан екі соғыс жүргізуде: Сүрия мен Украинада.
Тұжырымдар :
- Қытайдың экономикалық дамуы баяулау кезеңіне тірелді. Қытайлық ханьдар одан әрі Шығыс өлкелеге одан ары ұмтылатын болады. Сонынмен бірге демографиялық диспропорциялар өз әсерін білдіреді. Бұл жағдай Шығыс өлкелерге ханьдардың ұмтылысын күшейтеді. Шынжаңды отарлау мүмкіндігі төмендейді. Қытайдың экономикасының дамуының баяулау себебі коммунистік жүйенің нарықтық экономиканың тежеу әсерінен. Ал Қытай билеушілері саяси жүйесін өзгертуге құлық көрсетпей келеді.
- Қытай негізінен моноұлттық мемлекет, бірақ оларда өлкелік -мәдени менталдық өзгешілік тым орасан. Сондықтан Қытайды біртекті мемлекет деуге келмейді.
- Қытай мен Ресей АҚШ пен Европалық Одақтың белгілі шектеуіне кезікті, бұл да Қытайдың қарқынын тежейді. Ресей АҚШ пен Европалық Одақ санкцияларынан зардап шегуде. Ресей озық технологиялардан тыс қалып отыр.
- Қытай мен Ресейдің ауқын ауқын өз саясатын қайта қарастыру саяси дәстүрі бар. Путин мен Ши Жинпин(Си Цзиньпин) кете қалса өз саясатын әртарапта өзгертуі әбден ықтимал. Сондықтан жаңа билеушілердің экономикалық саясаты мен аз ұлттар саясатын өзгертуі ықтимал. Сол кезде қазекең Қытайдан сау еткені жөн. Біраздан кейін Қытайдың өзі қазақты жаншуды бәсеңдетіп оларға белгілі еркіндік береді. Қытай ұйғырлары ұлттық ерекшіліктері ұлттық санасына айрылмайды. Бірақ Қытай тіліне бейім ұйғырлар үлесі олардың жартысына жуық бөлігіне жетуі ықтимал.
- Болашақта Қытай мен Ресейдің елеулі жақындасуы мен одақтасы болмайды. Қытайдың Батыс елдерінің қыспағына түсуі олардың бізге деген саясатының өзгеруіне әкеледі. Қытайдың Қазақстанға деген саясаты одан ары жұмсарады: осыған байланысты қазақ мәселесін көтеру орынды.
- Қытай мен Ресей Брежневтің тұсындағы КСРО сияқты болады. Сырты жылтыр, іші –экономикалық пәрменсіз. Қытай мен Ресейде халық жақсы тұрмысты қатты қалайды. Сондықтан Халықтың бұл талабын билік назардан шығармайды.
- Қытай мен Ресей империялық пиғылдағы халықтар, сондықтан оларда әскери –жаугершілік билік топтары көрші мемлекеттерімен соғысқа итермелейді. Қытай мен Ресейдің қолдары қышып кімге тиісерін ұдайы жоспарлап отырады. Ресейдің Украина мен Сүрияға соқтығуы соның куәсі. Қытай өзінің дәстүрлі өзімдікі деген өлкелерге тиіседі. Экономикалық және финанстық экспансия алуға құштар Тәжікстан мен Қырғызстан алғашқы тауқыметтермен кездеседі. Бір жақсысы Қытай мен Ресей мұсылман елдерге соқтыққанды жақсы көрмей, оларды экономикалық жолмен тәуелді қылу жолын қарастырады.
- Ресейде билікті, әсіресе Путинді сынау көбейді. Сансыз youtube шығарушылар Путинді күндіз түні сынауда. Қытайда интернет шектеулі, бірақ Қытайда да жергілікті билікті сынау көп. Біздің ойымызша, алдымен Ресейдің бас билігі халық наразылығының өршуінен өзгеруі мүмкін, Қытай билігі тиянақты. Олардың қызығы алдыда.