Бір мезгіл дау-жанжалсыз қалып қойған – Иран атом мәселесі осы жалдан бастап БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің бас ауыртар мәселесінің біріне айналмақ. Себебі, Иран Атом Қуаты Ұйымының төрағасы келесі жылы Бушерде екі атом электр станциясының құрлысы басталатынын хабарлаған. Бұның әрқайсысы екі мың мегаватт электр өндіру қуатына ие.
Иран Телерадио ұйымы Ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда, Иран АҚҰ төрағасы Салахи құрылыс міндетін үстіне алған кәсіпорындармен келісімшарт та жасасып, тіпті, алғашқы үкіметтік төлемдер де аударған. Алдын ала төленген қаржы 185 млн долларды құрайды. Оның айтуынша: «Жалпы келісімшарттың құны 4 млрд долларды құрайды. Бұл соңғы екі жылдағы ең үлкен өнеркәсіптік келісімшарт саналады». Ол тағыда Бушерде бір реактордың жұмыс істеп тұрғанын да атап өтті. Ал, жаңа станция құрлысы үшін мыңдаған ирандық және шетелдік мамандар ұсыныс етілмек. Бұл станция салынып болғасын, оған қажетті жанарзатты қамдау үшін Ресеймен арнаулы келісімшарт жасасқанын да жасырмаған.
Алда салынатын станция құрлысы, Ресей мен Иран арасынан жік іздеп отырған АҚШ-тың басты назарында болатынын дау тудырмайды. Ал БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі осыдан біраз күн ғана бұрын, Иранның орта аралықты баллистикалық зымыран сынағын жасағанын жариялап, соған сай шұғыл жиналыс ашып талқыға салған еді. Иранға 2015 жылы берілген ескерту мен келісім мазмұнын қатаң сақтауды талап еткен. Енді оған аса қуатты екі атом электр станциясы келіп қосылса, Иран мәселесі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің маңызды істер күн тәртібіне қайта енейін деп тұр. Ал Америка Иранның әскери ықпалын әлсіретуге шаралар алып бармақ болып отырғаны белгілі. Ресейдің Орта-Шығыстағы одақтасына БҰҰ немесе НАТО арқылы қандай да бір қысымдар жасауға тырысады.
“The Qazaq Times”