АҚШ-тағы саяси талқыға қатысқан америкалық, еуропалық және араб жоғары лауазымды саясаткерлері: «Трамп Ресей-Иран арасындағы дипломатиялық және әскери одақтастықты бұзудың жолдарын қарастырады», – деген болжам жасады. Олардың ойынша бұл Трампқа Сүрия (Сирия) жанжалын тоқтату және Ислам елдеріне қарсы күресті күшейту үшін керек екен. Бұл туралы “The Washington Times” хабарлайды.
Бұл саясаткерлердің айтысына қарағанда, Трамп бір жағынан Путинмен қарым қатынасты жақсартуға қадам қойып, енді бір жағынан Иранның әскери ықпалын тежеуге тырысады. Себебі, Иран Орта-Шығыстағы Ресейдің маңызды одақтасы болып келді. Трамп осы екіжақтылы, әрі жүзеге асуы қиын жаңа стратегияны жасауға мүдделі.
Бұл турасында американдық саясаткерлердің бірі: «Трамп апта соңындағы жасаған баяндамасында да Путинның пікірін әлсіретуге тырысты. Алайда, Ақүй тарабы Ресейге құшақ жаймасы анық. Тіпті, Путинның айғайына да құлақ түрмейді», - деген ойын айтады. Оның ойынша қазіргі АҚШ-Ресей қарым-қатынасы Кеңес одағы мен Американың қырғи-қабақ соғысы кезеңіне ұқсайды. Ал президент Трамп осы жағдайдағы басымдықты қолға келтіру үшін Иранды ауыздықтауға тырысады. Егер, Иран мен Ресей арасында қандай да бір араздық болып жатса, АҚШ оны пайдалануға дайын.
Соңғы бір аптада Трамп пен Ұлттық қауіпсіздік кеңесі мүшелері қатысқан, еуропалық жоғары лауазымды саясаткерлер талқысы болған еді. Талқы нәтижесі бойынша: Иран мен Ресей арасында дау-жанжал жоқ, алайда, екі елдің қарым-қатынасы бүлінбеуіне де ешкім кепілдік бере алмайды. Путинның қандай қарымта қайтаратыны әлі белгісіз.
“The Qazaq Times”