Режеп Тайып Ердоған: «Түркиядағы президент және парламент сайлауында демократия жеңіске жетті» - деп мәлімдеді.
Маусым айының 24-і күні өткен президент және парламент сайлауынан кейін Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған «Әділет және даму» партиясы ғимаратының балконынан ел халқына үндеу жасады. Ол онда: «Президент және парламент сайлауында демократия мен ұлт таңдауы жеңіске жетті. Біз ертеңнен бастап халыққа берген уәделерімізді орындауға кірісеміз. Біз президенттік басқару жүйесіне өтуге дайындықты аяқтадық. Президент әкімшілігі мен министрлер кабинеті толықтай жасақталды. Біз күндіз түні жұмыс істеп, бүкіл әлемге үлгі көрсететін боламыз» - деп мәлімдеді.
Естеріңізге салайық, маусым айының 24-і күні Түркияда президент және парламент сайлауы өткен. Президент сайлауында Режеп Тайып Ердоған халықтың 52 пайыз дауысын жинап жеңіске жеткен. Ал оның «Әділет және даму» партиясы сайлаушылардың 42 пайыз дауысын жинап, парламенттегі 293 орынға ие болған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?