Түркия президент сайлауында Режеп Тайып Ердоған жеңіске жетті – деп хабарлайды Anadolu ақпарат агенттігі.
Түркия сайлау кеңесі басшысы Сади Гювеннің сөзінше, қазіргі таңда сайлау бюллетенінің 97 пайызы саналған. Алдына ала есеп бойынша, қазірдің өзінде Режеп Тайып Ердоған 52 пайыз дауыс жинап тұр. Яғни алдағы уақыттағы бюллетень санағы қандай нәтиже көрсетсе де Ердоғанның қайта президент болып сайлануына әсер етпейді.
Бұдан бөлек парламент сайлауында да Ердоғанның «Әділет және даму» партиясы өзгелерден оқ бойы озып шықты. Ол сайлаушылардың 42 пайыз дауысын жинап, парламенттегі 293 орынға ие болды.
«Әділет және даму» партиясынан басқа парламент сайлауында «Ұлттық қозғалыс партиясы» 11,19 пайыз (49 орын), Республикалық халықтық партиясы 22,7 пайыз (146 орын) дауыс жинаған. Ал «Фелисити» партиясы 1,4 пайыз дауыс алып, парламенттен бір де бір орын ала алмаған.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды