Дүние елдеріндегі футбол жанкүйерлері Әлем Чемпионатын көру үшін Ресейге ағылуда. Осы тұста Украинаның шығысындағы атысты бақылаушылар мәлімдеме жасап, соңғы кездері аталған өңірде қақтығыстардың арта түскенін, әсіресе ауыр соғыс техникалары мен жер үстінен атылатын зымырандарды қолданудың көбейгенін мәлімдеді. Бұл туралы VOA News хабарлады.
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бақылаушысы жасаған мәлімдемеде, Украина шығысында атысты тоқтату келісімі екі тараптан теңдей бұзылуда. Дегенмен, бұндай әрекет Ресей қолдау көрсеткен қарулы топтар жағынан көбірек орын алуда.
Мәліметке қарағанда, Ресейдің қолдауындағы үкіметке қарсы күштер 15 маусымда Еуропа Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бақылаушы ұшқышсыз ұшу құрылғысына екі бірдей зымыран атқан. Дегенмен, зымыран көздеген нысанаға жете алмаған.
Ұшқышсыз ұшу аппаратында орнатылған бақылау камерасы бұл зымыран шабуылын кескінге түсіріп алған.
Мәлімдемеде, зымыран атылған орынның 2014 жылы малайзиялық MH17 ұшағы құлаған өңір екенін ескертеді.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау