Ұлыбританиядағы Оксфорт университетінің философия факультетіне қарасты Институттың зерттеушілері ғылыми баяндама жасады. Онда ғалымдар тобы адамзаттың жойылуына себепкер болуы мүмкін деген оқиғаларды атап өтті. Бұл туралы The Daily Mail агенттігі хабарлайды.
Мамандардың болжауынша, адамзаттың және жалпы Жердегі тіршіліктің жойылуына себепкер болатын індет (пандемия), климаттық өзгерістер және ядролық соғыс. Баяндама авторлары әлем елдерінің үкіметтері Жер шарын аталмыш қауіп-қатерден алыстату үшін қажетті шараларды жүзеге асырмай жақандығын айтқан.
Осыдан бір жыл бұрын, әлемге танымал физик – Стивен Хокинг ақырзаманның осы мыңжылдықта болатынын және оған техногенді апаттардың себепкер болатынын жеткізген болатын. Ол да өз тарапынан үш пунктіге бөліп қарастырған: ядролық соғыс, жасанды интеллект және гендік-инженерлік вирус. Стивеннің айтуынша, қазір адамдар ғарыштық саяхатқа аса үлкен қызығушылық танытуы керек. Себебі, адамзаттың жойылып кетуіне тоқтау болатын бір нәрсе болса, ол – осы ғаламшардан кету.
Сондықтан да, зерттеушілер мен сарапшылар биліктің құжатта көрсетілген, аталған қауіптің алдын-алу шараларына аса үлкен мән беріп, әрекет етуге шақырады.
«The Qazaq Times»