Сүрия үкіметтік әскерилері ел территориясынан террорлық «мектептер» тапқандары туралы ресми түрде мәлімдеді. Бұл турады Al Masdar News агенттігі хабарлайды.
Ресми ұйымдар тарапынан мәлімделген хабарламаларға қарағанда, аталған мектептерде балаларды қару қолдануға үйретіп, экстремистік идеялар мен исламның радикальды түсініктерін бойларына сіңіреді. Осындай «оқу орындарының» бірінің қабырғасынан ДАИШ-тың діни ұрандары мен негізінен осы ұйым тарапынан қолданылатын сөздер табылған. Бұл жердегі балалар "оқуларын" бітіргеннен кейін әскери дайындық үшін арнайы лагерьлерге жіберілетін көрінеді.
Сонымен қатар, террористер мектептегі кітапхананы жауып, оның сөрелеріне тек арнайы таңдалып алынған экстремистік мәндегі әдебиеттерді орналастырған. Бұдан бұрынғы хабарларымызда, 1 маусым күні ресейлік әскерилердің Сүрияның Таллаф қаласынан «Хайят Тахрир әш-Шам» террорлық тобының жерасты базасын тапқаны туралы жазған едік. Сонымен қатар, БҰҰ-ға қарасты ЮНИСЕФ қорының таңбалары бар дәрі-дәрмек қоймасының да әшкереленгенін хабарлағанбыз. Енді террористерді дайындайтын осындай «оқу орындары» бар екендігі хабар тарағалы бері, халықаралық ұйымдар өздерінің алаңдаушылықтарын білдіруде.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр