 
                                    Ирак жеріндегі АҚШ бастаған коалицияның базасына дрон шабуылы жасалды. Шабуылдың АҚШ пен Ирак ортасындағы «төртінші стратегиялық келіссөзер» қарсаңында жасалғаны назар аудартуда.
Ирактағы Күрд автономиялы аймағына қарасты Карир ауданында орналасқан әскери база АҚШ бастаған коалиция күштерінің күрд аймағындағы аса маңызды базасы. ДАИШ содырларына қарсы күресте пайдаланылған база қазірде коалиция күштерінің маңызды позициясы саналады.
Ирак немесе өзге елдердегі террорлық топтардың ешқайсызсы шабуылды өз мойнына алған жоқ. Дегенмен, дрон шабуылы ДАИШ тарабынан жасалғаны туралы жергілікті ақпарат құралдары болжам жасаған.
Коалицияның баспасөз өкілі жасаған мәлімдемеде шабуылдың 24 шілдеге қараған түнде жасалғаны айтылған. Алайда, материалдық шығындар мен кісі өліміне қатысты мәліметтер берілмеген.
Айта кетейік, АҚШ пен Иран ортасында қазір «Төртінші стратегиялық келіссөзер» басталып жатыр. Бұл келіссөздер негізінен АҚШ күштерінің Ирактан шегініп шығуына қатысты мәселелерді талқылайды.












 
                                                        





 Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
                                        Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
                                     Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
                                        Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
                                     Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
                                        Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
                                     Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
                                        Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
                                     Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
                                        Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
                                     Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау
                                        Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау