АҚШ-тың Халықаралық дін бостандығы жөніндегі елшісі Браун Бейкер сейсенбі күні АҚШ Мемлекеттік департаментіне Иран туралы баяндама жасап, таңқаларлық деректерді ортаға салды. Ол Иран үкіметінде шит емес мұсылмандар мен ислам дініне сенбейтін ел азаматтарын қуғын-сүргінге ұшырап жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы VOA News хабарлады.
Браун Бейкер аталған мәліметтерді Мемлекеттік департаментке 2017 жылғы Діни сенім бостандығы туралы халықаралық есепте көрсетті. Аталған баяндаманың Иран туралы есебінде, шит мұсылмандарының қолындағы режим «Құдайға қарсы дұшпандық» желеуінде күресті жалғастыруда. Мәліметте, «Құдайға қарсы дұшпандық қылғаны үшін» былтыр желтоқсанда Эль-Булли провинциясында 4 адамның, қыркүйекте Керман облысында төрт адамның өлім жазасына кесілгені айтылған.
АҚШ Мемлекеттік департаментіне жасалған баяндамада: «Теһран (Тегеран) билігі сол елдегі сүннит, христиан және өзге де діни азшылықтарды қудалау, тергеуге, қамауға алуды жалғастыруда», – делінді. Сондай-ақ, ресми сөздерде антисемитизмді ашық уағыздағанын айыптады.
Соңғы кездегі шиеленісе түскен АҚШ-Иран жағдайы үкіметтер арасындағы кезектескен айыптаулар мен сынға алу, сөгуге ұласуда.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды