Алматыда ақын Жарас Сәрсектің «Жаныңда жүрмін» атты мерейтойлық шығармашылық кеші өтті.

Мамыр айының 15-і күні Мұхтар Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында Қазақстан Жазушылар Одағының ұйымдастыруымен ақын, Жарас Сәрсектің 50 жас мерейтойлық шығармашылық кеші өтті.

Фото: QT

Кешке Тыныштықбек Әбдікәкімов, Ұлықбек Есдәулет, Әбубәкір Қайран сияқты қазақтың дарынды қаламгерлері қатысты.

Фото: QT

Жарас Сәрсек 1968 жылы Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Сүмбе ауылында дүниеге келген. Жарас ақын осы уақытқа дейін «Керуен көшіп барады», «Жүрегімнің ішіндегі жүрегім», «Қастерлім», «Түнемел», «Жан-арымның жарығы» атты жыр жинақтарын шығарған және әр жылдары «Өркен-Горизонт», «Жас Қазақ», «Парасат», «Жетісу», «Әдебиет айдыны», «Заң» басылымдарында жұмыс істеген.

“The Qazaq Times”