Түркия АҚШ пен Израильдегі елшілерін қайтарып алды – деп хабарлайды NTV ақпарат көзі.

Мамыр айының 14-і күні Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мәлімдеме жасаған. Онда ол: «Біз Уашингтон мен Тель-Авивтегі елшілерімізді кеңес өткізу мақсатында кері қайтарып алдық. Израиль армиясы мен палестиналықтар арасында болған қақтығысқа байланысты мамыр айының 15-і Түркияда қаралы күн деп жарияланды. Біз Ислам ынтымақтастық ұйымы мен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізуді талап етеміз. Қазіргі уақытта осыған байланысты біз көптеген көшбасшылармен келіссөздер жүргізіп жатырмыз» - деген.

Естеріңізге салайық, Израиль армиясы мен палестиналықтар арасындағы қақтығыс АҚШ бас елшілігін Тель-Авивтен Иерусалимге көшіргеннен кейін басталған. «Үлкен марш» деп аталатын қарсылық акиясы бүгін аяқталуы тиіс.

“The Qazaq Times”