Қырғызстан үкіметі отставкаға кетті – деп хабарлайды АКИpress ақпарат агенттігі.
Сәуір айының 19-ы күні Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Жоғарғы Кеңес өтінішіне сәйкес ел үкіметін отставкаға жіберу хақындағы құжатқа қол қойды. Қырғыз президент әкімшілігінің баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, Жээнбеков ел Конституциясының 85 бабының 6 тармағы және 1 бабының 5 тармағына сәйкес үкіметті отставкаға жіберген. Құжат президент қол қойған уақыттан бастап күшіне енген.
Алдына ала болжамдар бойынша, премьер-министр Сапар Исаковтың орнына президент әкімшілігінің басшысы Мұхаммедкалы Абылғалиев келуі мүмкін. Ал министрлер кабинетімен бірге отставкаға кеткен қазіргі премьер Сапар Исаковтың қандай қызметке тағайындалатыны әзірге белгісіз.
Сапар Исаков Қырғызстан премьер-министрі болып 2017 жылы 26 тамыз күні сол кездегі президент Алмазбек Атамбаевтың жарлығы бойынға тағайындалған. Ол тәуелсіз Қырғызстан тарихындағы 29 премьер болған.
Айта кететін бір жайт, наурыз айында билік басындағы социал-демократиялық партия төрағасы болып Алмазбек Атамбаев қайта сайланған. Осыдан кейін сарапшылар экс-президенттің үлкен саясатқа қайтып оралуына «Жээнбеков пен Атамбаев арасында билік үшін талас басталды» - деген баға берген.