2021 жылы жапондықтар диагностика мен қатерлі ісікті (немесе жалпы, онкологиялық ауруларды) емдеу жасанды интеллектке тапсырылмақ. Бұл туралы Жапония фондына қарасты Онкология институты хабарлайды.
Институт «Қатерлі ісікті нақты емдейтін», KIBIT деген атау қойылған жасанды интеллектті FRONTENDO Healthcare компаниясымен бірігіп жасап шығармақ. Бұл жүйе дәрігерлерге әрбір пациенттің генетикалық анализы негізінде емделу курсын анықтауға үлкен мүмкіндік береді. Себебі, жасанды интеллект аурудың барлық белгілері мен ерекшеліктерін көрсетеді.
Аталмыш институт геномдар анализдерін жасау технологиясымен, қатерлі ісік клеткаларындағы генетикалық анализдерді анықтау жүйесімен ерекшеленеді. FRONTENDO Healthcare өткен жылдың қазан айында «Қатерлі ісікттен айықтыратын жасанды интеллек жүйесін жасауды бастап та кеткен.
Жасанды интеллекттің жадына кезеңдік зерттеу мен онкологиялық ғылыми жұмыстың нәтижелерін енгізіледі. Содан кейін, пациент туралы жеке ақпараттар, ауруының кезеңін, т.б. маңызды пункттерді көрсеткеннен кейін, сырқаттан айығудың тиімді әрі жылдам жолдарын көрсетеді деп күтілуде.
Яғни, Институт зерттеушілері, 2021 жылға қарай жасанды интеллекттің диагностика жасап қана қоймай, өкпенің және сүт бездері қатерлі ісігін емдейтіндігін жеткізіп отыр.
«The Qazaq Times»