Солтүстік Корея басшысы Ким Жоң Ун Қытай басшысы Ши Жинпиңмен кездесті – деп хабарлайды Шиньхуа ақпарат агенттігі.
Агенттік мәліметінше, Ким Жоң Ун Қытайға 25 наурыз күні бейресми іс-сапармен барған. Ол іс-сапар барысында Қытай басшысы Ши Жинпиңмен кездесіп, оны мемлекет басшысы болып қайта сайлануымен құттықтаған. Бұдан бөлек екі ел басшылары екі жақтық қарым-қатынасты дамыту, аймақтық және халықаралық мәселелерді талқылаған. Кездесу барысында Ши Жинпиң: «Біз солтүстік кореялық жолдастарымыз бен кездесуге қашан да дайынбыз және алға қарай даму үшін, аймақ тыныштығын қамтамасыз ету үшін әріптестік орнатуға ниеттіміз» - деген.
Естеріңізге салайық, бұған дейін БАҚ беттерінде Солтүстік Корея басшысы Ким Жоң Унның АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуге ниетті екендігі жөнінде ақпарат тараған. АҚШ пен Солтүстік Корея арасындағы қарым-қатынас Оңтүстік Кореяда өткен қысқы Олимпиада ойындарынан кейін жақсара түскен. Олимпиада ойындары кезінде КХДР басшысының қарындасы Ким Е Жоң Оңтүстік Корея президенті Мүн Жайнмен кездескен. Аталмыш кездесуден кейін Оңтүстік Корея өкілдері Солтүстік Кореяға ресми іс-сапармен барып, кейіннен АҚШ-қа сапарлаған.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды