Мексиканың Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі Халық кеңесі және Қылмыстық сот мекемесі мәлімдеме жасап, 2017 жылғы әлемдегі криминалды 50 қаланың тізімін жариялады. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық сайты хабарлады.
Ең қауіпті криминалды қалалардың тізімін жасауда, қала халқының саны мен ондағы адам өлтіруге қатысты қылмыс санының ара қатынасы есептелген. Бұл есеп бойынша Мексиканың Лос-Кабос қаласы әлемдегі ең қауіпті қала болып танылған. Онда әр 100 мың адамның 112-сі содырлар жағынан қаза тапқан.
Аталған орындардың мәліметіне қарағанда, қауіпті 50 қаланың басым көбі, яғни 42 қала Латын Америкасы елдерінде. Айталық, Бразилияда 17, Мексикада 12, Венесуэлада 5, Колумбияда 3, Гондураста 2 қала болса, Салвадор, Порто-Рико және Гватемала елдерінде бір-бір қауіпті қала бар.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды