Күні кеше әлемдік деңгейдегі "Оскар" жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өткені баршаға белгілі. Алайда, салтанатты рәсім аяқталғаннан кейін марапат иелеріне арналған кешкі балда "ең үздік актриса" номинациясы бойынша "Оскар" жүлдесіне лайық деп танылған Фрэнсис Макдорманд өзіне табысталған мүсіннен айырылып қалды.
Мүсінді жымқырған ұры бой жасырып үлгерген. Шара ұйымдастырушылары жайсыз оқиғаны ел назарынан жасырып, жағдайды реттеуге барынша тырысқанмен, мұндай "тосын сыйды" күтпеген Макдормандтың мүсіннен күдерін үзіп, жұрттың алдында көз жасын төккені туралы журналистер жарыса хабарлауда.
Сәл кейінірек, айтулы шарада жұмыс істейтін фотограф ұрыны ұстап алған. Актрисаның рұқсатымен ұсталған ер адам дереу босатылып, дереу ізін жасырған. Мүсіннің әртістің қолына тигені туралы ақпаратты оның өкілі растады.


















Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?
31 мамыр: Ұмытылған әлде билік әдейі ұмыттырғысы келген тарих па?