Алматы әкімі Бауыржан Байбек Грузияға жұмыс сапары аясында Тбилисидің мэрі Кахабер Каладземен кездесті. Тараптар қала кеңістігін, сауда-экономикалық байланысты дамыту, тәжірибе алмасу және туризм саласында ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Екі жақты кездесу барысында Бауыржан Байбек Грузия Премьер-министрінің бірінші орынбасары, экономика және тұрақты даму министрі Дмитрий Кумсишвилмен жүздесті.
Тбилиси мэрімен кездесуде Бауыржан Байбек Алматыда бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобалардың іске асқанын, логистика, туризм, «Smart city» жобасы салаларында грузиндік бизнесмендер үшін үлкен инвестициялық әлеуеттің қалыптасқанын атап өтті.
Өз кезегінде Тбилиси мэрі екі ел арасында үнемі жылы әрі бауырластық қарым- қатынастың орныққанын, енді екі қала арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңызды екенін атап өтті. Кездесу барысында Каха Каладзе Алматыдағы көлікті тұрақтандыру және тұрмыстық қатқыл қалдықтарды утилизациялау жөніндегі жобаларға қызығушылық білдірді.
Грузияға жұмыс сапары барысында Бауыржан Байбек премьер-министрінің бірінші орынбасары, экономика және тұрақты даму министрі Дмитрий Кумсишвилимен жүздесіп, тараптар туризм саласы мен бизнес- климатты жақсарту жөніндегі өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Бүгінгі таңда Грузия Бүкіләлемдік «Doing Business» банкінің рейтингінде тоғызыншы позицияда және туристік бағытты дамытуда едәуір алға жылжуда. Тек 2017 жылдың өзінде ғана Грузияда 7,5 млн-нан астам турист болған.
2017 жылы Алматы мен Грузия арасындағы тауар айналымы 2016 жылмен салыстырғанда 14,5%-ға артқан. Қалада сауда, қаржы, құрылыс, медицина және басқа салаларда грузиндік капиталмен 51 кәсіпорын жұмыс істеп жатыр.












                                                        





                                        Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
                                    
                                        Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
                                    
                                        Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
                                    
                                        Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
                                    
                                        Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
                                    
                                        Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді