Бүгін Amnesty International ұйымы 2017-2018 жылға арналған "Жаңа әлемдегі адам құқығы" аты баяндамасын жариялады.
Баяндамада жазылғандай, Қазақстанда кәсіподақтар мен қоғамдық ұйымдар еш негізсіз шектеулерге тап болған. Ұсталған және түрмеде отырған адамдар азапталып, олармен қатал қарым-қатынас жасалған. Журналистер саяси қудалауға ұшырап, оларға шабуыл жасалды. Әйелдерді және мүгедектерді кемсіту тоқтаған жоқ.
"Билік өкілдерін сынап, оларға шабуыл жасаған тәуелсіз журналистер қудаланды. Қыркүйек айында ақша жылыстату ісі бойынша, билікті сынаған "Саяси қалам. Трибуна" тәуелсіз газетінің редакторы Жанболат Мамайдың үш жылға бостандығы шектелді. Оның айтуынша, бұл сот ісі саяси тұрғыда болып отыр. Ақпан айынан бастап Жанболат Мамай қамауда болды. Журналист "Журналистер қауіп-қатерде" қорының төрағасы Рамазан Есергепов 14 мамыр күні Астанада Жанболат Мамай ісін талқылау үшін шетелдік дипломаттармен және халықаралық сарапшылармен кездесуге бара жатқан кезде пышақталды. Оның пікірінше, бұл шабуыл Жанболат Мамай ісімен және өзінің сыни көзқарастарымен байланысты", - делінген баяндамада.
Сондай-ақ, баяндама жасаған ұйымның мәліметіне қарағанда, бұрынғы КСРО құрамында болған елдерде "дәстүрлі құндылықтар" сөз болып, кемсіту мен қуғын сүргін белең алды. Мысалы Тәжікстанда ЛГБТ-ға қарсы шаралар басталды және діни адамдардың құқықтарына қарсылық танылып, мұсылман әйелдерге қоғамдық орындарда хиджаб киюге тыйым салынды.
Бұдан бөлек баяндамада әлем бойынша жүздеген белсенді өлтірілгені, Түркия, Мысыр, Қытай журналистер үшін ең үлкен "түрмеге" айналғаны туралы айтылған. Тәжікстанда да билікке сын айтқандарды қудалау әрекеті жалғасқан. Алайда жаһандық деңгейде репрессия саясатын қатаңдату көптеген адамның ұзақ уақыттан бері болып жатқан адам құқығы үшін күреске қосылуына түрткі болған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?