Қырғызстан Жоғары Кеңесінің спикері Дастанбек Жұмабеков Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулинге хат жолдады – деп хабарлайды АКИpress ақпарат агенттігі.
Жоғары Кеңес баспасөз қызметінің мәліметінше, Дастанбек Жұмабеков Нұрлан Нығматулинге 15 ақпан күні Қазақстан аумағында ұсталған Қырғызстан азаматтарына қатысты қылмыстық істің әділ, ешқандай кедергісіз, барлық халықаралық талаптарға сай жүргізілуін қадағалауды және «Қырғызстан» фракциясының мүшесі Дәмірбек Асылбекұлымен кездесу ұйымдастыруға көмектесуді сұрап хат жолдаған.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Қазақстан Бас прокуратурасы ақпан айының 15-і мен 16-сы күндері аралығында Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жүргізілген арнайы операция барысында ұсталған 35 адамның арасында 3 бірдей Қырғызстан азаматы бар екендігін мәлімдеген болатын. Кейіннен олардың бірі Қырғызстан Жоғары Кеңесінің депутаты Дәмірбек Асылбекұлы екендігі анықталған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?