АҚШ Қарулы күштері YouTube желісіне Сүрия аумағындағы Ресей жалдамалы әскеріне жасалған әуе шабуылының видеосын жариялады.

Бейнероликті ақпан айының 13-і күні АҚШ әскери әуе күштерінің қоғаммен байланыс бөлімі жариялаған. Онда 7 ақпан күні Сүрия аумағындағы АҚШ бастаған халықаралық әскери коалицияның Башар Асад жақтастарына қарсы өткізген операциясы бейнеленген. Атап айтқанда видеороликте АҚШ ұшақтарының бірінші Т-72 танкісін, кейіннен «Урал» автокөлігі мен бірнеше артиллериялық қарудың көзін жойғандығы көрсетілген.

Естеріңізге салайық, ақпан айының 7-сі күні АҚШ бастаған халықаралық коалиция Башар Асад жақтастарын бомбалаған. Салдарынан Сүрия аумағында «Вагнер» компаниясының атынан соғысып жүрген 200-ге жуық ресейлік жалдамалы сарбаз көз жұмған болатын.

“The Qazaq Times”