Ұлыбритания парламент мүшесі Лондонда анти-Катар конференциясын ұйымдастыру үшін 20 700 АҚШ доллар (15 мың фунт) алған, - деп мәлімдейді Buzzfeed ақпарат агенттігі.
Даниэль Качински (Daniel Kawczynski) конференцияға "тек Катар оппозициясы туралы білуге барамын" дегеніне қарамастан, аталған қаражатты қалтасына басып алған көрінеді.
Жаһандық Тұрақтылық және Қауіпсіздік конференциясы қыркүйекте Катарда Сауд Арабиясы бастаған елдер тобына Катардың жариялаған дипломатиялық бойкоты фонында өткен болатын.
Атап айтқанда, Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн және Мысыр Катарға "терроризмді" қолдағаны және олардың аймақтағы негізгі қарсыластары - Иранмен байланысқаны үшін айып тағып, барлық қарым-қатынасын үзген болатын. Доха (Doha) бұл айыптарды жоққы шығарды.
Катардың "террорлық топтарға демеушілік көрсетуі" Лондондағы конференцияның басты тақырыптарының бірі болды.
Конференцияны Катар ұлттық демократиялық партиясының негізін қалаушы, шығанақта орналасқан елдердегі режимнің өзгеруін қолдайтын 29 жастағы Халид аль-Хаил (Khalid al-Hail) ұйымдастырды.
Сарапшылар бір жағынан конференцияны Катардағы көтерілісті қолдау үшін ұйымдастырылған болуы мүмкін екендігін айтып, Сауд Арабиясы мен БАӘ-ні айыптайды.
Качински монархияны қолдап-қолпаштау әрекеттері үшін "Сауд Арабияның құрметті азаматы" атағына ие болып, Хаил жұбайы Татьяна Гисканың (Tatiana Gisca) компаниясынан 7500 фунт көлемінде 2 рет төлем алғаны жайлы мәлімдеме жасады.
Бірақ ол мәлімдемеде төлемақы қандай конференцияға немесе тақырыпқа байланысты жүргізілгені туралы ешнәрсе айтылмады. Качински Сауд Арабияның немесе БАӘ-нің конференцияны қаржыландырғанына сенбейтінін айтты.
Сонымен қатар Качински: "Расымен қызық конференция болды және маған сонда сөз сөйлеу бұйырды. Төлемақыларды уақытында тіркедім. Сіздердің болжамдарыңыз қате, жоқ жерден дау шығаруға тырысып жатырсыздар", - деді.
Хаил да Катардың аймақтағы қарсыластарынан қандай да бір қаражат алғанын жоққа шығарды.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді