26 қаңтар, Уашингтон. «Атом ғалымдарның бюллетені» ұйымы Чикаго университетінде орнатылған адамзат дағдарысының символы «Ақырзаман Сағаты» 30 секунт алға ілгерлегенін хабарлайды. Аталған ұйымның ғалымдары "заманақыр нұктесіне" 2,5 минут қалды деп дабыл қақты.
1945 жылы әлемдегі алғашқы атом бомбасын жасауға қатысқан, америкалық ғалымдар тобынан (оның ішінде он неше Нобель сыйлығының лауреаты бар) «Атом ғалымдары бюллетені» ұйымы құрылды. Ұйым атом қаруын пайдалануға қарсы тұруды мақсат етті. 1947 жылы олар Чикаго университетінің ауласына, адамдардың Қиямет-қайымға ұшырауы мүмкін екенін ескертетін «Ақырзаман Сағатын» орнатты. Ол әлемге ақырзаманның дабылын қағып, атомнан келетін «Қияметтің» символы ретінде бағаланды.
«Ақырзаман Сағаты» орнатылғалы бері, оның шкаласы 19 рет өзгертілген. Осыдан бұрынғы ең қауіпті сәт 1953 жылы еді. Сол кезде АҚШ пен Кеңес одағының арт-артынан күшті атом қару сынағын жасауы, «ақырзаман нүктесіне» 2 минутқа дейін жақындатыпты. Кейін қос тарап ядролық қаруды қысқарту келісіміне келіп, ядролық сынақтарды азайтқан. Стратегиялық ядролық қаруларды қысқартқаннан кейін, «ақырзаман нүктесінен» 17 минутқа дейін алыстаған.
Алайда соңғы кездері, әлемдегі көптеген қайшылықтардың себебінен, «Ақырзаман Сағатының» стрелкасы, белгіленген «ақырзаман нүктесіне» барған сайын жақындап келеді. 2015 жылғы Солтүстік Кореяның жасаған ядролық сынақтары, АҚШ-Ресей қарым-қатынасының шиеленісі, ислам елдеріндегі қайшылықтар, климат өзгерістеріне байланысты бұл көрсеткіш 3 минутқа дейін келіп тоқтаған. Соған қарағанда дәл қазір адамзат заманақырдың жиегінде тұр.
Ұйымның директоры Бронсон Уашингтон жаңалықтар конференциясында: «Қазір адамзат 20 жылдан бергі Қияметке ең жақын мезгілде тұр», – дегенді айтты. «Атом ғалымдары бюллетені» ұйымының қарауынша, АҚШ жаңа президенті Доналд Трамптың шешімдері мен пікірлері әлем қауіпсіздігінің бет-бейнесін түнек түнге бастап, әлем тыныштығын тұрақсыз күйге алып келеді. Сондықтан, «Ақырзаман Сағатын» 30 секунтқа алға ілгерлетті. Қазір «ақырзаман қоңырауына» небары 2,5 минут қалыпты. Бүгінде «Ақырзаман сағатын» реттеу үшін, 15 Нобель сыйлығының лауреатын қамтыған арнайы ғалымдар тобы құрлып отыр.
“The Qazaq Times”