АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей басшысы Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті – деп хабарлайды Ақ үй баспасөз қызметі.
Ақпан айының 12-сі күні Дональд Трамп пен Владимир Путин телефон арқылы сөйлескен. Сөйлесу барысында екі ел басшылары Израиль мен Палестина мәселесі жөнінде, Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы жөнінде пікір алмасқан.
Бұдан бөлек Дональд Трамп Владимир Путинге Мәскеу түбінде 71 адамның өмірін қиған АН-148 ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтқан.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Владимир Путин 2017 жылдың 11 желтоқсанында «Дональд Трамптың Иерусалим қаласын Израиль астанасы деп мойындауы Таяу Шығыстағы жағдайды ушықтырып жіберуі мүмкін» - деп мәлімдеген болатын.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды