Келесі жылдан бастап Германияның "Daimler" қарамағындағы "Mercedes-Benz" сияқты үлкен инженерлік компаниялар аптасына 28 сағат жұмыс істейді, - деп хабарлайды CNN ақпарат агенттігі.
Осы мәселеге байланысты Германияның оңтүстік-батысындағы 700-ден астам компания өкілдерімен келіссөздер жүргізілді. "Manulife Asset Management" компаниясының бас экономисі "Бұл өзгеріс жалпыға ортақ стандарттарды енгізеді" дейді.
Германия кәсіподағы "IG Metall"-дың мәлімдеуінше, жұмыс уақытының қысқаруы қызметкерлерге жақындарымен көбірек уақыт өткізуге мүмкіндік береді. Жұмыс уақытының 28 сағатқа қысқаруы себебінен қызметкерлер жалақысы да азаяды. Дегенмен, көбірек жұмыс істеп, көбірек ақша табам дегендерге бұрынғыдай аптасына 40 сағат жұмыс істеуге болатын көрінеді.
"Daimler" 28 сағаттық жұмыс режиміне 2019 жылдан бастап көшетінін хабарлады. Ал 138 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отырған германиялық "Bosch" қазірдің өзінде қызметкерлеріне 100-ге жуық жұмыс модельдерін ұсынады. Компания хатшысы Simon Schmitt-тың айтуынша, жұмыс уақытын 28 сағатқа қысқартқан күннің өзінде де, "Bosch" қызметкерлерінің еңбекақысын азайтпайды.
Жұмысшылар ассоциациясы "Südwestmetall" хатшысы - Фолкэ Штайнмэйэ (Volker Steinmaier) "бұл өзгеріс кейбір компанияларға қиын соғады, себебі жұмыс сағаты қысқарса, еңбек өнімділігі де төмендейді. Қызметкерлер көбірек табыс табу үшін қосымша жұмыс істейтіндері анық" деген.
















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?