Израиль парламентіне Украинада 1932-1933 жылдары болған ашаршылықты геноцид деп мойындауға байланысты заң жобасы ұсынылды.
Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, Израиль преламентінің депутаты Акрам Хасон «Украинада 1932-1933 жылдары болған ашаршылықты геноцид деп мойындап, 6 желтоқсанды ашаршылық құрбандарын есек алу күні деп бекітуге» байланысты заң жобасын ұсынған. Оның бұндай қадамдарға баруына Украинаға жасаған іс-сапары себеп болған. Ол 2017 жылы Украинаға сапары кезінде Ашаршылық құрбандарына арналған мұражайда болған және сол сәттен бастап заң жобасын әзірлеуге кіріскен.
Естеріңізге салайық, 2016 жылы Жоғарғы Рада депутаттары демократиялық елдерден 1932-1933 жылдары Украинада болған ашаршылықты геноцид деп мойындауды сұраған. Қазіргі таңда Украинада болған ашаршылықты геноцид деп 24 мемлекет мойындаған.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды