Украинаның премьер-министрі Вячеслав Кириленко «Евровидение-2017» байқауын жоғары идеологиялық, көркемдік деңгейде өткізетіндіктерін Еспрессо.ТВ арнасына берген сұхбатында айтқан.

"Евровидение" мәселесі  –  жай ғана музыкалық мәселе емес. Оның саяси тұстары да жоқ емес. Еуропалықтар Украинаны ұмытпау керек. Шығыстағы қақтығыстарға қарамастан, біздің еліміз дамып келеді және Еуропалықтардың көмегіне зәру. Біз музыкалық байқауды аталған уақытта, өте жоғары-көркемдік деңгейде өткіземіз", – дейді Кириленко.

Вице-премьердің айтуынша, Украинаның «Евровидение» өткізуден тәжірибесі бар. Себебі, шараны 2005 жылы  ұйымдастырған және биылғы жылы да өз деңгейінде өткізеді.

Сондай-ақ,  "Евровидение-2017"  өткізілуін толық қамтамасыз ету үшін, мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаржыны 25 қаңтар күнгі үкімет отырысында ақылдасып,  барлығының шешімін тапқан.

Украинаның өзі «Евровидение-2017» байқауына 2016 жылғы Стокгольмдағы байқаудан  «1944» әнімен  Джамала жеңіске жеткеннен кейін қатысуға жолдама алған. Ұйымдастыру комитеті байқауды Киев қаласында өткізетін болды.  Жартылай финалды 9-11 мамыр аралығында және финал 13 мамырда болады деп  жоспарланып отыр.

«The Qazaq Times»