Қазақстанда азаматтық авиация саласына жауап беретін ұлттық компания құрылады. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді. 

Оның айтуынша, осы міндетті іске асыру үшін министрлік дайындық жұмыстарын жасап, Британ азаматтық авиация агенттігімен өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылған, британдық мамандар Қазақстанға бірнеше рет келіп, техникалық ынтымақтастық жобалары пысықталыпты.

"Бірлескен жұмыстар негізінде біз британдық модельді енгізудің тәсілдерін жасадық. Онда қолданыстағы заңнамаға ұшу қауіпсіздігі саласындағы бақылау функцияларын азаматтық авиация саласындағы қадағалау мен бақылау жөніндегі ұлттық компания түріндегі жаңа құрылымға ауыстыру туралы Министрліктің алдында есеп беретіндей өзгерістер енгізілетін болады. Инспектор ретінде жұмыс істейтін кейбір қызметкерлер ұлттық компанияға ауысады. Министрлік мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен халықаралық қатынас мәселелеріне жауап береді",- деді Жеңіс Қасымбек үкімет отырысында жасаған баяндамасында.

Ведомство басшысы бұл компанияның қалай қаржыландырылатынын да атап өтті. Оның сөзінше, "ұлттық компания қаражатты өзі табуға тиіс" екен.

"Бүкіл әлемдемемлекеттік компаниялар жүзеге асыратын  бұл қызметтердің құны төленеді. Қазіргі кезде бұл комитет арқылы жүзеге асуда, біз оны талап етпейміз. Бюджеттен қосымша қаржы алуды жоспарлап отырмыз", - деді ол.

Айта кетейік, бұдан бұрын Қазақстанда туризм саласын дамыту мақсатында "Қазақ туризм" ұлттық компаниясы құрылған еді. Алайда Қазақстанда ұлттық компаниялар құрылғанмен, әлі өзінің тиімдігін көрсете алмай келеді.

“The Qazaq Times”