Қазақстанда 15 тың шақырым жол ақылы болуы мүмкін. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында ҚР Инвестиция және Даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.
Оның айтуынша, республикалық маңызы бар ақылы жолдар жүйесін құру 2019-2022 жылдарға жоспарлануда. Ақылы жолдарды пайдалану кезеңі 2020 және 2031 жылдар аралығын қамтымақ.
«Қазіргі уақытта Мемлекеттік жеке серіктестік аясында республикалық маңызы бар автожолдарды ақылы ету мәселесі қарастырылуда. Бұл бастаманы үш жыл ішінде 15 мың шақырым жолды ақылу етуді ұсынған жеке серіктес көтерді», - деді Ж.Қасымбек.
Сонымен қатар, ол үстіміздеі жылдың 2 сәуір күні жобаға бастама жасау туралы шешімнің жарияланғанын да атап өтті. Егер осы уақыттан бастап 60 күннің ішінде жобаға қызығушылық танытып, қосымша ұсыныс жасаушы тараптар табылып жатса, жеке серіктес байқау арқылы іріктелмек. Атап өтетін жайт, жобаның құны 97, 5 млрд теңгені ($305 млн) құрайды.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел