2018 жылы Алматының Индустриалды аймағында (АИА) 12 жаңа өндіріс іске қосылады. Жобалар машина жасау, құрылыс индустриясы, фармацевтика, тамақ және химия өнеркәсібінің салаларына жатады, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Осылайша, қалада скотч, тоңазытылған қамыр, кабель өнімдерінің, медициналық мақсаттағы өнімдердің, полимерлік бұйымдардың және тағы басқа өнімдердің өндірісі басталады. Бұдан басқа, өнеркәсіп аймағының аумағында көкөніс өсіру бойынша жылыжай кешенінің, сондай-ақ табиғи тасты өңдеу бойынша зауытының құрылысы аяқталады.
Мысалы, «GROUP NAK 8» ЖШС тоңазытылған қамыр шығаратын алматылық өндірушісі әрі қарай нан, бөлке, кішкентай бәліштер, маффиндер, печенье сынды 60 түрлі атауын шығаратын болады. Зауыт тәулігіне 2 мың кг тоңазытылған өнім өндіреді деп жоспарланып отыр. Кәсіпорынның жартылай дайын өнімдерді қаланың кафелеріне, мейрамханаларына және қонақүйлеріне тарату ниеті бар.
Бұдан басқа, «Әлмерек» ЖШС фармацевтикалық компаниясы шыны түтіктер, қалақшалар, гинекологиялық айналар және т.б. медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіретін болады. АИА аумағында зауыттың құрылысын салу кәсіпорынға өндірістік алаңын 3 есеге кеңейтуге мүмкіндік береді.
«Алматының Индустриалды аймағы» ЖШС директоры Әділ Бөрлібаевтың сөзінше, индустриалды аймақтағы зауыттың құрылысын алматылық кәсіпкерлерден басқа, шетелдік инвесторлар да жүргізуде.
Спикер атап өткендей, резиденттер дайын инфрақұрылымымен жер телімін алу мүмкіндігінің нәтижесінде, Алматының Индустриалды аймағын өте тиімді ұсыныс деп қабылдап отыр. Резидент жер телімін 3 жылға дейін жалға ала алады, оны жекеменшікке сатып ала алады және жер телімін заттай грант ретінде, яғни тегін де ала алады.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?