Қазақстан билігі латын әліпбиін насихаттауға блогерлерге 462 миллион теңге қаржы бөлмек.

«Электронды үкімет» сайтында көрсетілген мәлімет бойынша, Қазақстан билігі биылдан бастап блогерлерге латын әліпбиін насихаттау үшін 462 миллион теңге қаржы бөлмек. Сайтта көрсетілген құжатқа сейкес блогерлерге 462 миллион теңге жыл сайын 57,82 миллион теңгеден 2025 жылға дейін бөлінетін болады.

Бұдан бөлек латын әліпбиін насихаттауға арналған видеоблоктар жүргізуге 168 миллион теңге бөлінеді. Ал аталмыш қаржының тиімді пайдаланылуы мен жұмыс барысын Арыстанбек Мұхамедиұлының басқаруындағы Мәдениет және спорт министрлігі қадағалайтын болады.

Естеріңізге салайық, бұған дейін дәл осы Арыстанбек Мұхамедиұлы ғалымдардың кириллицадан латынға үш секундта аударатын бағдарлама ойлап тапқанын мәлімдеген. Ол бұл бағдарлама жайында Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жылдар мен ойлар» атты кітабының латын әрпінде жарыққа шығуынан кейін айтқан болатын.

“The Qazaq Times”