«Астана» халықаралық қаржы орталығы ресми түрде жұмысын бастады. Бұл туралы орталықтың баспасөз қызметі хабарлады.
Бұдан бөлек, АХҚО жанынан қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі комитет жұмыс істейді.
"Астана" халықаралық қаржы орталығы ресми түрде іске қосылып, компанияларды тіркеуді бастайды. АХҚО-да қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі комитет өз қызметін бастады. Ол инвестициялар мен активтерді басқаруды қоса алғанда, private banking, басқару және қорларды әкімшілендіру, кастодиандық қызмет, исламдық қаржыландыру, сондай-ақ өкілдіктерінің жұмысын лицензиялайды", - делінген баспасөз хабарламасында.
Мәліметтерге қарағанда қаржы орталығы Лондон, Нью-Йорк, Гонконг, Сингапур, Дубай сынды әлемдегі жетекші қаржы орталықтарының стандарттарына сай негізделген ережелері бар арнайы юрисдикцияны іске қосқан.
Сондай-ақ, коммерциялық және азаматтық дауларды қарастыратын тәуелсіз сот пен халықаралық арбитраждық орталық құрылған. АХҚО базасында әлемдік үздік стандарттарға сәйкес келетін жоғары технологиялы биржа (AIX) жұмыс істейді.
Айта кетейік, 2015 жылдың желтоқсанында Нұрсұлтан Назарбаев "Астана" Халықаралық қаржы орталығын құру туралы конституциялық заңға қол қойған. АХҚО-ның мақсаты - халықаралық деңгейдегі қаржы қызметтерінің орталығын құру.