Мемлекет басшысы Универсиада еліміздің тәуелсіздігі тарихында халықтың бірлігін нығайтуға ықпал ететін спорт саласындағы ең ірі оқиға болып саналатынын айтты. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
– Атқарылған жұмыстардың бәрін жастар үшін жасадық. Универсиаданың әлеуметтік инфрақұрылымы, спорт нысандары бізге ұзақ жыл бойы қызмет ететін болады, – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің ұлттық құрамасына қазақстандықтардың қолдау көрсететіне, сондай-ақ 2017 жылғы универсиада шын мәнінде бүкілхалықтық мерекеге айналатынына сенім білдірді.
Соңында Елбасы спортшыларға алдағы жарыстарда табыс және жарқын жеңістер тіледі.
“The Qazaq Times”