Ішкі істер департаменті, сондай-ақ Алматы қаласының Әкімдігі Алматы қаласында өткізілетін 28-ші Бүкіләлемдік Универсиадаға байланысты автокөлік иелерінің мегаполистегі жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты шараларға түсіністікпен қарап, айналып өтудің балама жолдарын алдын ала жоспарлауды сұрайды, деп хабарлайды "The Qazaq Times" Алматы қаласының ІІД Баспасөз-қызметіне сілтеме жасап.
2017 жылдың 25 қаңтарынан бастап қалаға кіреберіс магистралдарда, сондай-ақ Универсиаданың спорттық нысандарына іргелес жатқан жолдарда жүк және ірі габаритті көліктер қозғалысына шектеу қойылады. Бүгінде мегаполис аумағында орналасқан полицияның стационарлық бекеттерінде түтіні мен уыттылығы экологиялық нормаға сай емес, апаттық және техникалық ақаулығы аңғарылған көлік құралдарын анықтау жөнінде жұмыстар күшейтілуде. Осы мақсатта Мемлекеттік кірістер Департаменті мен бірқатар құқыққорғау органдарының өкілдері бұл іске қызу кірісіп те кетті. Осы жұмысқа қаланың 10 стационарлық полиция бекеттерінен өзге Алматы облысының осы іспеттес 8 посты да тартылған.
Сонымен бірге, полиция хабарламасында айтылғандай, Универсиада спорттық нысандары орналасқан аумақтарға баратын жолдардағы қозғалысты шектеу шаралары жол жағдайына оң әсерін тигізіп, спортшыларға, сондай-ақ шетелдік делегациялардың жүріс-тұрысына қолайлы жағдайлар туындатады. Тәртіптің сақталуы өз кезегінде өтіп жатқан әлемдік шара еліміздің бет-бейнесіне әсер етіп, тұтастай алғанда, мемлекетіміздің беделінің артуына да игі ықпал жасайды.
Алматы қаласының Ішкі істер департаменті заңдылықты сыйлап, оған мойынсұнған жол қозғалысына қатысушыларға түсіне білгені және азаматтық көзқарасы үшін алдын-ала алғыс айтады.
Ескерту: жол жүрісі жөніндегі балама кесте жақын аралықта жарияланады.
"The Qazaq Times"


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?