Иран президенті Хасан Рухани кеше жасаған мәлімдемесінде, елдегі барлық халықтың үкіметті сынға алу құқығының бар екенін айтып, қамауға алынған студенттерді босату керек деген шешімін жариялады. Осыдан бұрын билік өкілдерінің бірі бір студенттің қамауда өзіне қол салғанын хабарлаған еді. Бұл туралы Иранның «Тасним» ақпарат агенттігі хабарлаған болатын.
Хасан Рухани мәлімдемесінде Иран жұртшылығын ереуілге бастаған бір ғана экономикалық себеп емес екенін алға тартты. Ол ереуілшілердің әлеуметтік және саяси талаптарын да қарастыратынын айтты. «Бір ғана баға мәселесі ереуіл тудырды деу ирандықтарға қиянат болар. Олардың саяси және әлеуметтік және саяси талаптарына үнсіз қала алмаймыз», – деді Рухани.
Ирандағы ереуіл кезінде 20-дан астам адам қаза болып, мыңға жуық адам тұтқындалған. Үш күн бұрын 22 жастағы бір студент қамауға алынғаннан кейін өзіне қол салған.