АҚШ Ирандағы оқиғаларға байланысты БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі мен БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесін арнайы кездесуге шақырады - деп хабарлайды Reuters ақпарат агенттігі.
Жақында АҚШ-тың Біріккен Ұлттар Ұйымындағы тұрақты өкілі Никки Хейли Ирандағы жағдайларға байланысты журналистер алдында сөз сөйлеген. Ол онда: «Әлем жұртшылығы Иранда болып жатқан жағдайларға бейжай қарамауы тиіс. Біз бұған үнсіз қарап отыра алмаймыз» -деген.
Естеріңізге салайық, Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі Иран билігін қарсылық акциялары кезінде елде әлеуметтік желілерді бұғаттамауға шақырған болатын. Желтоқсан айының 28-інен бері Иранда елдегі қымбатшылық пен тұрмыс деңгейінің төмендеуіне қарсы ереуілдер өтуде.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды