Қазақстан мен әлем үшін міне, жаңа бір тарихи жылдың парағы ашылды. Жаңа 2018 жыл басталып, 2017 жыл тарих қойнауына кетті. 2017 жылы Қазақстанда айтулы оқиғалар болғаны белгілі. Олардың ең бастысы - Президент өкілеттігінің бөлінуі, Универсиада-2017, ЭКСПО-2017 халықарылық мамандандырылған көрмесінің өткізілуі және қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі туралы шешімнің шығуы. Бастысы еліміз аман, бауырымыз бүтін.
Ендеше осы келген Жаңа жылдан да тек амандық тілейміз. Ит жылы тек жақсылығын ала келсін. Еліміздің іргесі сөгілмей, экономикалық-саяси жағдайымыз күшейе берсін. Саяси аренада Қазақстанның мәртебесі асқақтап, тек толағай табыстардың куәсі болайық!!!