"Бүгін Еуропалық одақтан жақсы жаңалық айтылды. ЕО жақын арада Қазақстан азаматтары үшін виза тәртібін жеңілдетуді қарастыруға кіріседі. Біз сыртқы саяси ведомство ретінде ары қарай жұмысымызды жалғастыра береміз", - деді Абдрахманов.
Сондай-ақ, ол "Қазақстан Тайланд және Макао сынды елдермен виза режимін алып тастау бойынша келіссөздер жүргізіп жатқанын" атап өтті.
Өз кезегінде Парламент мәжілісі халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетініңнің төрағасы Мәулен Әшімбаев бұл шешім Қазақстан үшін көптен күткен және маңызды іс екенін атап өтті.
"Азаматтардың еуропалық елдерге баруы жеңіл болуы үшін Қазақстан соңғы жылдары барлығына қол жеткізіп келеді. Қазір шешімнің қабылданбағаны түсінікті. Бірақ ЕО бұл сұрақты мұқият қарауға дайын екендерін білдірді. Меніңше, мәселені қарау туралы шешімнің өзі алға жасалған үлкен қадам. Біздің дипломаттар азаматтарымыздың Еуропалық одаққа жеңілдетілген виза тәртібімен барып келуі үшін белсенді жұмыс істейді деп үміттенемін", - деді депутат.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап