Біріккен Ұлттар Ұйымының алдағы екі жылға арналған бюджеті 5,395 млрд долларды құрайды. Аталған бюджет құжатын БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы бекітті, деп хабарлайды РИА Новости.
Ұйымның бас хатшысы Антониу Гуттереш алғашында алдағы екі жыл үшін 5,4 млрд доллардан аса қаржы сұраған. БҰҰ бюджеті негізі ұйымға мүше 193 елдің жарналар есебінен қамтылады. Жарна аудару кезінде мемлекеттің төлем қабілеті, ЖІӨ және халықтың жан басына шаққандағы табысы негізге алынады. Мемлекеттің жеке жарнасының мөлшері жалпы бюджеттің 22%-ынан аспауы тиіс.
Аударылған жарналардың ең көп мөлшері АҚШ-қа тиесілі. Сондай-ақ, Жапония мен Қытай ұйымға көп ақша аударатын елдер арасында алдыңғы орында. Жапонияның ұйымға аударған қаржысы ұйым бюджетінің 9,6%-ын құраса, Қытайдікі -7,9%. Ресейдің үлесі шамамен 3%-ды құрайды.
Дегенмен АҚШ әкімшілігінің жаңа құрамы БҰҰ-ны бюджет бойынша реформа өткізуге үгіттеп отыр. Себебі Президент Дональд Трамптың сөзінше, халықаралық ұйымның жұмсайтын қаржысы көп болғанмен, тиімділігі аз болып отыр.


















Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады
Бішкекте кәсіпкерлер жаңа салық ережелеріне қарсы акция өткізді
Назарбаев "құрметті сенатор" атағынан айырылды
Моңғолия астанасында жаппай наразылық шерулері өтті
Екібастұзда жылу желісіндегі ақауға "станция қызметкерінің қателігі" себеп болғаны айтылды