Қытайдың Шынжаң жерінде 40-қа жуық ұлты қазақ Қытай азаматы Қазақстанның тәуелсіздік күнін әлеуметтік желіде құттықтағаны үшін тұтқындалған. Бұл туралы RFA-ның ресми сайты хабарлады.

RFA жариялаған хабар. Фото: QT.

Шынжаңда қауіпсіздік қызметкерлері 16 желтоқсан күні Қытайда жасап жатқан этникалық қазақтардың әлеуметтік желілеріне тексеру жүргізген.  Полицейлер 40-қа жуық қазақ азаматын WeChat Group әлеуметтік парақшаларында Қазақстанның тәуелсіздік күнін құттықтағаны үшін тұтқындаған. Хабарда тұтқындалғандардың көбі жастар екені, олардың арасында Сәуле, Қайсар, Әлия, Нұргүл және Дина есімді студенттердің де бар екені айтылған.

RFA-ның аталған хабарында: «15 желтоқсан күні WeChat әлеуметтік желісін пайдаланушының бірі 200 адам қатысқан WeChat Group-та 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы болғанын, ол Кеңес одағының ыдырауына себеп болғанын, 16 желтоқсан бұл оқиғаға 31 жыл болатынын және Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 26 жыл толатыны хабарлаған. Кейін мәліметтерді жолдаған желі қолданушылары Қытай қауіпсіздік қызметкерлері жағынан тұтқындалған», – делінген. Хабарда және Еркін Мұхаммедәли, Төлеу Хамза, Бейсен Тоқмұрат, Сақтаған Елеу, Құсайын Тәліп, Қайдар Мұқаш, Құнанбек Екпін және өзге де қазақ азаматтарының тұтқындалағаны туралы да мәліметтер бар.

“The Qazaq Times”